Оралда үш адам өлтірді деген күдіктілер Ресейден іздестірілуде
Оралда үш адам өлтірді деген күдіктілер енді Ресейде іздестірілуде, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілердің түр-келбеті бейнеленген бағдарлауды көршілес өңірлерге таратылған.
Бұған дейін, қаңтар айында белгісіз біреулер ауыл кәсіпкерінің отбасына қанды қырғын жасаған. Ерлі-зайыптылар Запрометовтар отбасын ұлдарымен пышақтап кеткен, содан кейін үйлерін өртемек болған.
Жергілікті тұрғындар құрбан болған отбасы үлгілі болғанын және ешкіммен қақтығыспағанын айтты. Бірден 3 қылмыстық іс қозғалды. Олар ІІМ-нің ерекше бақылауында.
"Полиция келген сәтте қылмыскерлер сол жерде болған жоқ. Алайда барлық айғақтар сол жерден табылған. Бізде саусақ іздері бар, бірақ әлі де тексеріп жүрміз", - деді БҚО ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Николай Колоницкий.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды