Оралда тоғыз жасар бала жоғалып кетті
Орал қаласында жоғалып кеткен 9 жасар бала іздстіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, 5 қыркүйекте сағат 17:40 шамасында бала "Ескі әуежай" ықшамауданындағы Самал көшесі, 94-үйден шығып кеткен, содан бері қайтып келмеген.
Баланың ерекше Даун синдромымен ауыратыны белгілі болды.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың өлі денесі табылды. Сонымен қатар, Алматы қаласында 9 жастағы бала жоғалып кетіп, тірі табылған.
Көкшетауда жоғалып кеткен қызға қатысты полицейлерге жауап берген куәгер өзіне қол салды
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған