Оралда техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкері тоққа түсіп мерт болды
Оралда автокөлікті жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкері тоққа түсіп мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 маусымда техникалық қызмет көрсету орталығында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 32 жастағы ер адам көз жұмды.
"Өкінішке қарай, жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", – деп толықтырды полиция.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түсті. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.
"Мені тоқ соға бастады": Алматыда субұрқақтағы адамдарды құтқарған жігіт болған оқиға туралы айтты
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған