Оралда су тасқынынан зардап шеккен отбасы өрттен қаза тапты
Оралда “Пенсионер” бау-бақша серіктестігінде су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптының үйі өртеніп, екі адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская Неделя” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 3 шілдеге қараған түні болған. Өрт сөндірушілер ғимаратты бірнеше сағат сөндіруге тырысты. Алайда жалын таңертең ғана сөндірілді.
"Өрт орнында екі адамның күйген денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Көршілердің айтуынша көз жұмғандар – ерлі-зайыпты. Жақында бұл шаңырақтың жұбайы 30 жасқа толған.
"Олардың үйі су тасқынынан зардап шеккен. Мүлік шығынын анықтау жөніндегі комиссияны күтіп жүрген. Алайда үлгермеді”, — деді тұрғындардың бірі.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді