Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

Орал қалалық сотының үкімімен бұрынғы полиция қызметкерлері Марат Ахметғалиев пен Айбек Серденов бас бостандықтарынан айырылды.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Қалалық соттың мәліметінше, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері Ахметғалиев пен Серденов биылғы сәуір мен мамыр айының аралығында кезекшілік кезінде алдын ала сөз байласып, әкімшілік құқықбұзушылыққа барған азаматтарды жауапкершілікке тартпау үшін олардан пара алып отырған.

Мұнымен қатар, Ахметғалиев мас күйінде ұсталған Д. мырзамен сөзге келіп, оған дене жарақатын салған. Осылайша Ахметғалиев ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2, 4-тармақтарына және 362-бабы 4-бөлігі 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілеумен және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығын өмір бойына айырумен бірге бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Ал Серденов ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығын өмір бойына айырумен бірге оған параның жетпіс еселенген мөлшерінде, яғни 70 мың теңге айыппұл салынды. Әзірге сот үкімі күшіне енген жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Алматы соты зәулім үйлерді салып тастап салығын төлемей жүрген байларды іздеп жатыр

Алматы облысында бастауыш сынып ұстазы асылған күйінде табылды

“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті

Талқылау