Оралда ер адам жол үстіндегі биік конструкцияның үстіне шығып алып, би биледі (видео)
Оралда ер адам жолдағы жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға арналған конструкцияның үстіне шығып алып би биледі.
Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Ер адамды видеоға түсіріп алған куәгердің сөзінше, оқиға 2018 жылы 16 мамырда болған. Видеода ер адамның жолдағы жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға арналған конструкцияның үстіне шығып алып, би билеп тұрғанын көруге болады. Алайда оның биікке қалай шыққан белгісіз.
Ал БҚО бойынша ТЖД баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша оларға қоңырау түспегенін айтты. Сондай-ақ, жедел жәрдем де шақырылмаған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Елімізде молдалардың өлім-жітімде құран оқып тапқан табысы бақылауға алынуы мүмкін
Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы кейуананың денесі темір жолдан табылды
Дубайға барған қазақстандықтар тамақтан жаппай уланып қалды (фото, видео)
Талқылау