Оралда ер адам 85 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткен
Оралда қылмыскер зейнеткеодің пәтеріне кіріп, оның басынан бірнеше рет ұрып, 3,5 миллион теңгесін ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Зейнеткер бейтаныс адамға есік ашамын деп жапа шеккен.
Батысқазақстандық полицейлер күдіктіні ұстады, ол Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Ұрланған мүлік жартылай ғана қайтарылды.
"26 қазан күні сағат 11:30 шамасында белгісіз біреу 1938 жылы туған егде әйел тұратын пәтердің есігін қағып, есікті ашқан бойда тонаушы пәтерге кіріп, жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың ресей рублін ұрлап кеткен", – деп мәлімдеді полиция басқармасының өкілдері.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін алаяқтық, тонау және ұрлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі "Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық