Оралда егіз босанған келіншек қайтыс болды
Оралда егіз босанған келіншек көз жұмды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
30 сәуір күні қалалық көпсалалы ауруханада 35 жастағы әйел қайтыс болды. Егіз босанғаннан кейін әйелдің жағдайы нашарлаған. Сәбилер перзентханадан анасыз шықты.
Жаңа туған екі сәбиден бөлек, әйелдің тағы үш баласы бар болып шықты. Қара жамылған үйдің тұңғышы небәрі 10 жаста.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар қызметтік тергеуден кейін ақпарат беретіндерін мәлімдеді.
"Ұлы өз анасын өлімші етіп сабады": Алматыда әйелді таяқпен ұрған ер адам видеоға түсіп қалды
Айта кетейік, жуырда ғана Оралда жаңа босанған әйел көз жұмды. 10 күн бойы комада жатқан Таңшолпан Мұқанова 29 сәуір күні қайтыс болды. Әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлады. Ал денсаулық сақтау министрлігі аталған жайтқан қатысты егжей-тегжейлі тексеріс жүргізуге уәде берді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту