Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бес жасар қызын буындырып өлтірген ана түрмеден босатылды

Оралда өзінің бес жасар қызын буындырып өлтірген әйел қылмыстық жазадан босатылды. 36 жастағы қала тұрғынының есі дұрыс емес деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты әйелді психиатриялық емдеу мекемесіне жатқызу туралы шешім шығарыпты. 

Қайғылы оқиға 2018 жылдың желтоқсан айында болыпты. Баласы қырсықтығына шыдамаған әйел оны алқымынан алып, қылқындыра бастапты. 

"Психикалық дертке шалдыққан азаматша Е. қызының мойнын екі қолымен 10 минут бойы қылқындырған. Қыз сол сәтте көз жұмыпты. Айыпталушының анасы ең алғаш қызының бойындағы ауытқушылықты оның 17 жаста болған кезінде байқапты. Ол өз-өзімен сөйлесіп, ыржыңдай бастапты, жыл өткен сайын оның бұл жағдайы ушыға түскен. Сотқа тартылған әйел жағдайына байланысты ем қабылдамаған, бұған қоса ол еш жерде тіркеуде тұрмаған",- деді судья Бақыт Ермахан.

Баласына қол жұмсаған әйел қылмыстық жазадан босатылып, күштеп психиатриялық орталыққа жатқызылады. 

Айыпталушының анасы соттың бұл үкімімен келісетіндігін жеткізді. 
 

Талқылау