Оралда 13 жасар қызды 9-сынып оқушылары топ болып зорлаған
Оралда тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні 13 жастағы қызды топ болып зорлаған. Күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 12 маусымға қараған түні, тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні болған. 15 және 16 жастағы төрт кәмелетке толмаған жасөспірімдер 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.
“Күдіктілердің бірі №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы”, - деп хабарлады мектеп директорының орынбасары Гүлмайда Үшқамбаева.
Оның айтуынша, бала ұсталып, екі айға тергеу изоляторына қамалған.
Топтық зорлау бойынша басқа күдіктілердің ұсталып, ұсталмағаны туралы полиция әзірге ақпарат берген жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
19 жастағы Мадинаның өлімі: Жамбыл облысының полициясы істің жабылғаны туралы ақпаратқа жауап берді
Желі қолданушысы: "Кім мықты сол жеңетін заман болып тұр”
Бір автобусқа 58 миллион теңге: "ҚазМұнайГаз" 1 миллиард теңгеге жуық қаржыға көлік алмақ
Компания мәліметінше, автобустардың басты айырмашылығы олар қолданатын отын түрінде