Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 13 жасар қызын зорлады деп айыпталғандарды ақтауды сұрады: Күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Оралда бес адамға қатысты топтық зорлау және көлік ұрлау фактілері бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі соты көлік ұрлап, 13 жасар қызды зорлады деп айыпталған бес адамға қатысты үкім шығарды.

Сот 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі "Лада" автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусым күні тағы екі айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефоны ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

"Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді", – деді сот.


Алматыда мектепте бірінші сынып оқушысын зорлауға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды


Тергеумен айыпталды:

  • А. және Н. - алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау (ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі 1) тармағы);
  •  Қ. - автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ көлік құралына заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы);
  • А. және М. - көлік құралына заңсыз кiрумен адамдар тобының алдын ала сөз байласуылары арқылы жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы);
  • барлық сотталушыларға - зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі);
  • А. - жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі)

Сотталушылар өз кінәларын мойындамады.

Сотталушылар өздеріне тағылған айып бойынша, яғни ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сот сотталушылардың жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, ауырлататын мән-жәйлардың жоғын, М., А., Н. және Қ.-ның қылмыстарды жасаған кезде олардың кәмелетке толмауын ескерді.

  • Сотталушы Р.-ға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды.
  • Кәмелетке толмаған М. және Н.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жыл 6 ай жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал А. және Қ.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сәйкесінше тағайындады.
  • Кәмелетке толмаған М., А., Н., Қ.-ға жаза тағайындау барысында, сот ҚК-нің 81-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалатынын ескерді.
  • Бұған дейін Оралда 16-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот процесі өтіп жатқаны хабарланған болатын. Олар 13 жасар қызды зорлады деген айыппен, бір жылға жуық уақыт бұрын ұсталған.

Прокурор күдіктілердің кінәсі дәлелденгенін айтты.

Алайда жәбірленуші деп танылған 13 жастағы қыздың анасы сотталушылардың ақтауды сұрады. Ол қызының өтірік айтқанын, зорланбағанын айтады.

Еске салсақ, Павлодарда тергеуші мен жедел уәкіл бала зорлауға қатысты істі жауып жібермек болған.

Талқылау