Орал – Атырау тасжолында жүк көлігінің тіркемесі шығып кетіп, жантүршігерлік жол апаты орын алды
Орал – Атырау тасжолының 308-ші шақырымында жүк көлігінің тіркемесі шығып кетіп, қарсы беттегі көлікке соқтығысып, жантүршігерлік апат болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

24 наурыз күні сағат 14:30 шамасында жол жүрісімен келе жатқан "ГАЗель" көлігінің тіркемесі шығып кетіп, қарсы жолаққа кеткен. Салдарынан ол Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан Toyota көлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 42 жастағы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. 44 және 30 жастағы зардап шеккендер Ақжайық ауданының орталық облыстық ауруханасына жатқызылды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар