Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандыққа арнайы виза берілді

Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық азаматқа арнайы виза берілді. Бұл туралы cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Али

Оның айтуынша, бүгін Әли Кореяның әділет министрлігінің өкілдерімен кездесті.

"Корей жағы оның құжаттарын қарап шығып, қазақстандық Әлиге арнайы виза беруге шешім қабылдады. Болашақта оған тұрақты тұру құқығын беру мәселесі қаралуы мүмкін. Әли Корея тарапынан осындай артықшылықтарды алу-алмау туралы шешімді өзі қабылдауы керек", - деді СІМ өкілі. 

Сондай-ақ, Корейлік LG Welfare Foundation қоры Әлиді басқалардың өмірін құтқарған кейіпкерлерге берілетін арнайы LG Personnel Award сыйлығымен марапаттауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясының Янъян қаласында заңсыз тұрып жатқан 28 жастағы Қазақстан азаматы жатақханадағы өрт кезінде он адамды құтқарды. Оның көршілері президенттеріне азаматтың елде тұруға рұқсат беруін өтінді.

Талқылау