Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: Ұшқыш қаза тапты (видео)
22 наурызда Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен Батыс жағалаудағы әуе шоуы кезінде жүздеген көрерменнің көз алдында ұшақ апат болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Куәгерлердің айтуынша, ұшақ шоу кезінде толықтай бақылауда болды. Бірақ соңғы маневрден кейін кенет басқарудан шығып, төменге қарай құлдилады.
Әуе шоу кезінде ұшақ тәжірибелі ұшқыш Джеймс О'Коннелл басқаруында болды. Ол апат кезінде қаза болды.
Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, ұшқыш апат кезінде катапульталауды орындамаған. Дәрігерлер оқиға орнына апат болғаннан кейін екі минут ішінде жетті. Бұл уақытта апат болған ұшақ қирандысы отқа оранған еді.
Оңтүстік Африканың азаматтық авиация басқармасы ұшақ апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Бұған дейін әзірбайжандық кәсіпкер Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына пәтер берген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған