Оңтүстік Африка республикасында иесіз ғимараттағы өрт кезінде 73 адам көз жұмды
Оңтүстік Африка республикасындағы Йоханнесбург қаласында иесіз ғимарат өртеніп, 73 адам көз жұмды. Тағы 52 адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет: Reuters
Бейсенбіге қараған түні қаладағы бұрынғы бизнес кварталында үйсіз адамдар паналаған ғимарат өртен кеткен. Құтқарушылар ғимараттағы адамдарды эвакуациялап, құтқару операциясын ұйымдастырған. Дегенмен көпшілігі үйден шыға алмай қалған.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Роберт Мулаудзи құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтады. Себебі құтқарушылар 5 қабатты толығымен тексеріп үлгермеген.

Сурет: Reuters
"Қызмет еткен 20 жылда мұндай жағдаймен бетпе-бет келмегенмін", – деді Мулаудзи деді ол.
Бес қабатты ғимарат Йоханнесбургтегі іскер ауданда орналасқан. Соңғы жылдары нысанды үйсіз қалғандар паналап келіпті.
Қазір өрт сөндірілгенімен, түтіні әлі басылмаған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"