Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстіккореялық әнші PSY тағы да YouTube-ты «шулатып» жатыр (видео)

Оңтүстіккореялық әнші PSY YouTube-тағы жеке каналына екі жаңа бейнебаянын жариялады. Қос ролик те 1 сағат ішінде миллионнан астам көрілім жинаған.

PSY-4

I LUV IT деп аталатын бейнебаянда әйгілі жапондық әнші Пико Таро бар. Оның Pen-Pineapple-Apple-Pen деген әні Billboard чартында (чарт – танымал әншілердің немесе музыкалық топтардың тізімі, олардың танымалдылығы дисктері мен топтамаларының сатылымы негізінде анықталып, жарияланып тұрады) осыған дейін жарық көрген барлық әндердің ішіндегі ең қысқасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Айта кетейік, Оңтүстіккореялық репер PSY Gangnam Style әнімен әлемге танымал болған. Бұл әнге түсірілген клип YouTube-та алғаш рет екі миллиард көрілім жинаған ролик атанған еді.


Тағы да оқыңыз:

Алматыда қабір басына барған журналисті ұрып-соғып, тонап кеткен

Мұрат Қожаның жас келіншегі әншіге қыз сыйлады

Бесбаев пен Арынбаевтың жаңа әні тыңдармандардың көзіне жас келтірді (видео)

Талқылау