Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда зират басына барған журналист әйелді ұрып-соғып тонап кетті

Танымал журналист Татьяна Гуржий 9 мамыр күні алматылық зиратта жасалған шабуыл туралы егжей-тегжейлі жазған.

1437744665_6

Журналист бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол мереке күні туыстарының бейіттеріне барады.

“Рысқұлов даңғылындағы зиратқа барудан ешқашан қорыққан емеспін. Оның үстіне, мереке күні ол жақта халық көп болады. Кеше де солай болатын. Мен гүл шоқтарын қойып, көкеме, анама және әжеме Жеңіс үшін 100 граммнан құйып қойдым. Ескерткішті сүрттім. Шарбақтың жанынан ер адам өтті. Бірнеше минут өткен соң ол қайтып келді. Шарбақтан кіріп, тамағыма пышақ кезеді. “Менің айтқанымды істесең ғана тірі қаласың” “Қай жақтансың?” деп бірнеше мәрте сұрады, — деді әйел.

Қаскүнем әйелдің неке жүзігін шешіп алып, әмиянын шығарып ішінен барлық ақшаны алады. Ер адам телефоның бар ма деп сұраған кезде, әйел үйінде ұмытып кеткенін айтады. Алайда кенеттен телефон шырылдайды.  “Телефонымды сұрады, үйде ұмытып кеткенімді айттым. Дәл осы кезде біреу телефон соқты! Осы кезде оның пышақпен босқа қорқытып тұрмағанын сездім. Сосын ол мені итеріп жіберіп, сөмкемді тартып алды. Орындыққа соғылдым, ол мұнысымен қоймай, желкемнен ұстап, тағы да тақап тұрды. “Сен осында қалып қойғың келе ме?” деп құлағымның түбінен сыбырлағаны әлі есімде. Сөмкемді ұзақ ақтарды, кілттерімді, телефонымды шығарды. “Симкамды” алып тастады. Менің дәрілерімді көріп, “жүрегің ауыра ма?” деп сұрады.

Кейін “Полицияға арыздансаң тауып аламын да, пышақтап тастаймын” деді. Сосын өзінің қайғылы оқиғасын баяндады. Өмірдің қиын екенін, жұмысқа ешкімнің алмайтынын, отбасының жоқ екенін айтты. Мойныма пышақ тақаған күйі он рет кешірім сұраған шығар, сосын орталық аллеяға қарай жүре бастады”, — деп жазады автор. Зардап шеккен әйел зират күзетшісінен полиция шақыруын сұраған. Бірақ ер адам қылмыскер қашып кеткен шығар деген болжам жасап, полиция шақырмаған. “Әйелдер мені Рысқұлов көшесіне дейін шығарып салды. Үйде полиция шақырдым.  102-дегі қыз маған жедел жәрдем қажет екенін даусымнан түсінді. “Із кезушілер” жедел жәрдем ауруханасына келді. Көмек көрсеткеннен кейін полицейлермен бірге зиратқа бардық. Қақпаға таяғанда тағы бір шақырту түсті — зиратта біреу адамдарды пышақтаған! Сол жерде!!!”, — дейді зардап шегуші.  Татьяна Гуржийдің сөзіне қарағанда, оған шабуыл жасаған ер адам екі жарым сағат өткен соң басқа әйелге жақындап, бағалы бұйымдарын беруін талап еткен. Әйел айғайламақ болған, сол кезде қаскүнем пышақ жарақатын салады. Одан кейін қарақшы екі баласы бар әйелге шабуыл жасаған, пышақпен қорқытып, баласының ұялы телефонын тартып алды.

Полиция қызметкерлері зиратты түгелдей тексеріп шықса да, тонаушыны ұстай алмаған. “Ер адамның әйелдер мен балаларды тонап қана қоймай, бұл ісін осындай қасиетті күні зиратта жасағаны үшін полицейлер қатты ашулы болды, ұстап алса, бөлімшеге өлермен күйде жеткізер еді. Оған ешкім қарсылық та білдірмес еді”, — деп жазды Гуржий.  Кейіннен Татьяна Гуржий осы оқиғаға қатысты жазған пікірлерінің бірінде тонаушының ұсталғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыз:

Атырау тұрғынының бутербродынан құрт табылған

Петропавлда қыз үшін жанжалдасқан жігітті өлтіріп кетті

32 рет химиялық ем алған тараздық бүлдіршін халықтың қолдауына зәру

Талқылау