Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

32 рет химиялық ем алған тараздық бүлдіршін халықтың қолдауына зәру

Жүйке жүйесінің қатерлі ісігі – нейробластомаға шалдыққан ол қазір өлім мен өмір арасында жатыр. 32 рет химиялық ем алған Айымжан Досжан енді Германияда қаралуы керек. Алайда ондағы емнің құны – 150 мың еуро. Ал науқастың жақындарында мұнша ақша жоқ. Сондықтан олар қайырымды жандардан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

айымжан 2 жасар

Айымжан екіге толғалы өзге балалар секілді ойнап-күлуді білмейді. Өйткені сол кезден бері бүлдіршіннің дене қызуы жиі көтеріліп, әлсіреп жатып қалатын болған. Ал отандық дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмапты. Сөйтіп, ата-анасы Айымжанды ресейлік мамандарға қаратып, оның жүйке жүйесенің қатерлі ісігі – нейробластомаға шалдыққанын анықтаған.

«Кімге жүгінерімізді, қайда барарымызды да білмейміз. Бастысы баламызды аман-сау алып қалсақ. Өтінемін, қызымды аман алып қалуға көмектесіңіздерші. Ол өмірді жақсы көреді, өмір сүргісі келеді, қарапайым бала болғысы келеді», – дейді Айымжанның анасы Кәмила Панзарбекова.

Бүлдіршіндегі қатерлі ісікті жою үшін оған 32 рет химиялық ем жасалған. Сөйтіп бойындағы қауіпті кесел жойылған. Қазір ол Оңтүстік Кореядан оралып, Астанадағы клиникада жатыр. Алайда аурудың қайта өршіп кету қаупі бар. Ол үшін иммунотерапия арқылы әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру керек. Ал мұндай емге 150 мың еуро қажет екен.

«Қазір қажет соманың тең жарымы жиналды. Қол үшін созғандарға мың алғыс. Дегенмен, бізге әлі де ақша жеткіліксіз. Жомарт жандардан көмек сұраймыз.  Бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз, егер уақыт жоғалтып алсақ, қатерлі ісік қызымыздың бойына қайта қонады. Ал, оның соңын ойлаудың өзі қоқынышты», – дейді Айымжанның әжесі Роза Қалдыбекова.

Қазір Айымжанның еміне ақша жинау мақсатында түрлі акциялар өтіп жатыр. Оған мектеп оқушылары да үлес қосуда. Дегенмен, уақыт өте тығыз. Бірер күнде бала Германияда болуы тиіс. Сондықтан оның туыстары көмекті қайырымды жандардан күтеді.

Реквизиттер:

Казкоммерцбанк: 4003 0327 7597 88 20 – Panzarbekova Kamilla,

Qiwi-кошелек: +77072225807,

Halykbank: 4402573554011652

Казкоммерцбанктің ағымдағы есеп-шоты: KZ4092615015FW847000

ИИН 620416400295 Roza Kaldybekova.

Байланыс нөмірлері: 87072225807, 87075511158, 87075511013.

Instagram: @help_aimzhan

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО тұрғыны кәсіпкерден 1 млн доллар бопсалаған

90 жастағы майдангер әлі күнге қой бағып жүріп Момышұлының кітаптарын қолынан тастамайды

Қарағандыда “Аналар үйін” паналаушылар қызметкерлердің кемсітетінін айтып ашынды

Ажырасқаны туралы күліп айтқан келіншек өз әрекетіне өзі таңқалды

Талқылау