Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасқаны туралы күліп айтқан келіншек өз әрекетіне өзі таңқалды

Қазақстандық келіншек көп жыл бұрын өзінің ажырасып кеткенін күліп отырып айтып берді. Бұл әрекетіне оның өзі де таңқалып отыр. Ол күйеуінен әлі күнге дейін алимент өндіре алмай келеді екен. Қарызы, тіпті, 2 миллионға жақындаған.

ьо

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Айгүл Дүйсенбекова 6 жыл бұрын күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен. Екі баласымен қалған келіншек осы уақытқа дейін бұрынғы жарынан алимент өндіре алмай келеді. Әзірге еш нәтиже шықпапты. Екі баламен тастап кеткен бұрынғы ерін өзі түгіл, сот орындаушылары да таппай жүр екен.

«Тұрмыста болғанмын, екі балам бар. Бұрынғы күйеуіммен 6 жыл бірге тұрдық. Ажырасқанымыз туралы күліп отырып айтамын деп ешуақытта ойлаған емеспін. Ажырасуымызға ер-азаматымның жауапкершілігінің жоқтығы себеп болды. Мен ажырасу туралы шешімді бірден қабылдай салған жоқпын. Бірнеше жыл қатарынан ойландым. Ажырасқан жылы екінші балама аяғым ауыр болды. Жолдасыма ол өзгерген жағдайда қалатынымды айттым. Бірақ одан өзгерісті байқамадым. Сол себепті, осындай шешімге келдім. Ол кісінің мінезі тым жаман емес.

Тек құмар ойынға әуес болды. Осыған байланысты айырылыстық. Тұрмыс құратын кезде менен келісімімді сұраған емес. Оңтүстік Қазақстан облысында басып алып қашу деген нәрсе бар. Танысқан күні алып қашты. Отасқанымыздың алғашқы жылында оның бұл әуестігін байқамадым. Қызымды босанатын уақытта ғана көріне бастады. «Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деп шыдауға тырысатынмын. Оның үстіне бізде «Барған жеріңе тастай батып, судай сіңуің керек» деген заңдылық бар. Күйеуім жұмыс істеді, бірақ айлығын ешуақытта үйге әкелген емес», – дейді Айгүл ханым.

Айгүлдің туған-туыс, тамырларының айтуынша, балаларының әкесі Астана қаласында тұрады. Бірақ тұрақты жұмысы мен тіркелген мекен-жайының болмауы себепті оны табу әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

«Жағдай өзгеріп, 2016 жылы осы бағдарламадан кейін 40 мың теңге алимент алдым. Қазігі таңда қарызы 2 миллионға жақындап қалды. Одан кейін жоқ болып кетті. Ешқандай іс-әрекет көрген емеспін. Жоғарыдағы 40 мың теңгені ІІД-ге 139-бап бойынша арыз жазып жатып алдым. Әкімшілік шара қолданып, үш күнге қамауға алуға уәде берді. Бұл ақшаны өзім жүгіріп жүріп алдым десем де болады. Артынша өз жұмысымды ретке келтіріп, оны іздеуді доғардым. Ол кісі телефонын өшіріп тастаған. Одан бөлек сот орындаушысының үстінен прокуратураға арыз жаздым», – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Намазхан жігіт бала күнінде зорланған әйелін жүктілігіне қарамастан қуып жіберген

Жасөпірім өзінің зорланғанын 3 жылдан бері жақындарына айта алмай жүр

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жездесі туралы айтып берді

Талқылау