Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онлайн-диктантты қалай жазу керек? Ереже мен кеңестер

Қазақстандағы қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-диктант 15 желтоқсан сағат таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Stan.kz сайтында өтеді. 

Оған қалай қатысу керектігін ары қарай оқыңыз. 

1-қадам.  dictant.stan.kz сайтына кіресіз.

2-қадам. Тіркелу жолағында аты-жөніңізді, тегіңізді, e-mail-ді көрсетесіз.

Ескерту: Міндетті түрде өзіңіздің аты-жөніңізді және жұмыс істеп тұрған e-mail-ді жазыңыз. Себебі тұлғаңыз расталмаған жағдайда смартфон ұтысына қатыса алмайсыз.

3-қадам. Диктанттың толық мәтінін тыңдаңыз. Оны журналист Ерқанат Көпжасар оқиды. 

4-қадам. Диктантты барлық ережені сақтай отыра, арнайы терезеге жазасыз, ол видеоның астыңғы жағында орналасады. Диктантты қазақша пернетақтасы орнатылған компьютер/ноутбук арқылы немесе ұялы телефон арқылы теруге болады.

Диктант кирилл әріптерімен жазылады. 

5-қадам. Барлық мәтінді тағы бір рет тыңдаңыз, әрбір сөзі мен тыныс белгісіне назар аударыңыз. 

6-қадам. Диктантты тексеріске жібермес бұрын, оны бір оқып шығыңыз.

7-қадам. Диктантты тексеріске жіберіңіз.

8-қадам. Жазған мәтініңізді дұрыс мәтінмен тексеріңіз, бағаңызды біліп, қатысқаны үшін сертификатын сақтап алыңыз. 

Онлайн-диктантты жазушыларға маңызды ақпарат: 

  •  Диктант 19 сөйлем мен 2000 белгіден тұрады

Мәтінді дәл әрі толық жазыңыз, сөздерді ауыстырмаңыз және тастап кетпеңіз, бөтен сөздер қоспаңыз. 

  • Диктанттың уақыты шектеулі екенін естен шығармаңыз, барлығы 25 минут беріледі. Уақыт мәтінді тергеннен бастап жүреді.  
  • Сызықшаның орнына "дефис" (-) белгісін қоюға болады, сол және оң жақтан бос орын қалдырыңыз. Осылай жазғанда бағдарлама оны қабылдайды. 
  • Мәтін абзацтарға бөлінген. Экранда әрбір ескерту көрсетілген кезде мәтінді жаңа жолдан бастап жазыңыз. 
  • Тексеруге жібермес бұрын жазылған мәтінді оқып шығыңыз, асықпаңыз. Мәтін жіберілген соң өзгеріс енгізу мүмкін болмайды. 
  • Ең үздіктердің арасында су жаңа бес Huawei P40 Lite смартфоны ойнатылады.  

     

Бізді қолдағандар: Huawei компаниясы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары мен Алматы облысының әкімдіктері, Алматы метрополитені, "Алматы", "Еуразия", "Қазақстан" арналары.

Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!

Талқылау