Онлайн-диктантты қалай жазу керек? Ереже мен кеңестер
Қазақстандағы қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-диктант 15 желтоқсан сағат таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Stan.kz сайтында өтеді.
Оған қалай қатысу керектігін ары қарай оқыңыз.
1-қадам. dictant.stan.kz сайтына кіресіз.

2-қадам. Тіркелу жолағында аты-жөніңізді, тегіңізді, e-mail-ді көрсетесіз.
Ескерту: Міндетті түрде өзіңіздің аты-жөніңізді және жұмыс істеп тұрған e-mail-ді жазыңыз. Себебі тұлғаңыз расталмаған жағдайда смартфон ұтысына қатыса алмайсыз.

3-қадам. Диктанттың толық мәтінін тыңдаңыз. Оны журналист Ерқанат Көпжасар оқиды.
4-қадам. Диктантты барлық ережені сақтай отыра, арнайы терезеге жазасыз, ол видеоның астыңғы жағында орналасады. Диктантты қазақша пернетақтасы орнатылған компьютер/ноутбук арқылы немесе ұялы телефон арқылы теруге болады.
Диктант кирилл әріптерімен жазылады.

5-қадам. Барлық мәтінді тағы бір рет тыңдаңыз, әрбір сөзі мен тыныс белгісіне назар аударыңыз.
6-қадам. Диктантты тексеріске жібермес бұрын, оны бір оқып шығыңыз.

7-қадам. Диктантты тексеріске жіберіңіз.
8-қадам. Жазған мәтініңізді дұрыс мәтінмен тексеріңіз, бағаңызды біліп, қатысқаны үшін сертификатын сақтап алыңыз.
Онлайн-диктантты жазушыларға маңызды ақпарат:
- Диктант 19 сөйлем мен 2000 белгіден тұрады
Мәтінді дәл әрі толық жазыңыз, сөздерді ауыстырмаңыз және тастап кетпеңіз, бөтен сөздер қоспаңыз.
- Диктанттың уақыты шектеулі екенін естен шығармаңыз, барлығы 25 минут беріледі. Уақыт мәтінді тергеннен бастап жүреді.
- Сызықшаның орнына "дефис" (-) белгісін қоюға болады, сол және оң жақтан бос орын қалдырыңыз. Осылай жазғанда бағдарлама оны қабылдайды.
- Мәтін абзацтарға бөлінген. Экранда әрбір ескерту көрсетілген кезде мәтінді жаңа жолдан бастап жазыңыз.
- Тексеруге жібермес бұрын жазылған мәтінді оқып шығыңыз, асықпаңыз. Мәтін жіберілген соң өзгеріс енгізу мүмкін болмайды.
-   	Ең үздіктердің арасында су жаңа бес Huawei P40 Lite смартфоны ойнатылады. 
Бізді қолдағандар: Huawei компаниясы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары мен Алматы облысының әкімдіктері, Алматы метрополитені, "Алматы", "Еуразия", "Қазақстан" арналары.
Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!
 
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
