Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда онлайн-казиноға ойыншы тартқаны үшін тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Мамұд Хикматов ОНЛАЙН-КАЗИНО
Фото: polisia.kz

"Pin Up" онлайн-казиносына қатысты іс бойынша 26 жастағы блогер Махмуд Хикматовқа үш ай бұрын іздеу жарияланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachkov.offsiade Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер тыйым салынған интернет-казиноға ойыншылар тартуда маңызды рөл атқарды деген күдікке ілінген. 

Дереккөздің айтуынша, "Pin Up" онлайн-казиносын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түрлі танымал тұлғалар арқылы белсенді жарнамаланған. Олардың қатарында Қайсар Қамза да болған, ал Хикматов сол адамдармен байланыста болған деген болжам бар. Алайда бұл ақпаратты растау әзірге мүмкін емес. Өйткені қазір Махмуд Хикматов та Қазақстанда емес.

Мамұд Хикматов ОНЛАЙН-КАЗИНО
Фото: https://t.me/kozachkow

Махмуд Хикматов кең танымал болмағандықтан, табыс табу үшін pop-MMA жекпе-жектеріне де қатысқан. Олосы уақытқа дейін 3 жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіген.

Танымал кезінде Хикматов өз денесіне жарнама ретінде татуды 30 миллион теңгеге салдыруды ұсынған. Ол денесіне ақшаға салынған әшекей суретті ешқашан өшірмейтінін айтқан. Бұл ұсынысқа келіскендер де болған. Енді сол татуи іздестіру кезінде оның ерекше белгісі болуы мүмкін.

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Тамыз, 2026 09:41