Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісінің барын растады

Отандық актриса, блогер, кәсіпкер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Айта кетейік, актриса алғаш рет мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, Назар есімді ұлын дүниеге әкелді. Алайда көп ұзамай жұп екіге кетті. Соңғы кезде актриса сүйіктісі барын арагідік көрсетіп қалып жүр. Бұл жолы да оқырмандарымен сырласып, сүйіктісінің барын жасырмады. 

“Оның қамқорлығы – ең үздік сыйлық", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. 



Сонымен қатар блогер махаббат пен мансаптың арасынан нені таңдайтынын айтты.

“Махаббат бар жерде мансап та болады. Махаббат бәрін шешеді. Біріншіден өзіңе деген махаббат болу керек. Бір нәрсені жасап, қателесіп, мықты адам болудан қорықпаңыздар", – деп кеңес берді актриса.

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Еске салайық, өнер иесі ата-анасы туралы сыр шертіп, әкесін есіне алған еді. 

Талқылау