"Оның істегенін ақтау мүмкін емес": Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасын айтты
Танымал блогер, желі жұлдызы Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевпен араласатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/
Блогер әкесіне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарына ой салды.
“Мен әкеммен түскен фотомды жарияласам, маған кейбір оқырмандарым: “Жарайсың, араласқаның жақсы” деп пікір жазады. Олардың маған жұмсартып айтқан пікірлері ұнамайды. Әкемнің ісі – ақтауға келмейтін дүние. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес”, – деп бастады әңгімесін блогер.
Айтуынша, ата-анасы ажырасқаннан кейін әкесімен бұрынғыдай қарым-қатынаста қалу оңайға соқпаған.
“Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес. Көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жыл бойы өте жақсы әке болды. Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені, бұл – өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Көбіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің іс-әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты", – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Еске салайық, блогердің әкесі алты жыл абақтыда отырып, бостандыққа шыққан еді.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады