Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арда азамат": Желіге тіркелген Бақытбек Есентаевқа жұрт қолдау білдірді

6 жыл абақтыда отырып, жуырда бостандыққа шыққан Баян Мақсатқызының күйеуі желіні шулатуда. Таяуда ғана Instagram желісіне тіркелген Бақытбек Есентаев күні кеше алғашқы суретін жариялап, жұрттың қолдауына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Дәл қазіргі уақытта Есентаев алты жылға аялдап қалған өмірін ретке келтіріп жүрген ұқсайды. Ол бостандыққа шыға салысымен, денсаулығын тексертіп, әлеуметтік желіге тіркелді. Кейін қарындасы Нағима Есентаева ағасының тұрақты түрде спортпен шұғылданатынын айтты. Ал күні кеше Бақытбек Есентаев белгісіз екі азаматпен бірге түскен суретін жариялады. Instagram-дағы алғашқы қадамына жұртшылық жылы тілектерін жаудырды. 

"Сіз шыққанда қарындасыңызбен бірге қуандық. Ендігі жерде бақытты болыңыз!", "Бақытбек аға, сіз ушін өте куаныштымыз, аман болыңыз, сіз нағыз ер азаматсыз! Алла жар болсын, отбасылы болыңыз, куанышты күндеріңіз көп болсын", "Лайықты азаматсыз", "Ғұмырлы болыңыз", "Арда азамат", "Тұлпар мініп, ту ұстаңыз", –  деп ақ тілегін жаудырды оқырмандар. 



Айта кетейік, әлеуметтік желіге жуырда ғана тіркелсе де, Есентаевтың парақшасына 11 мыңнан аса адам жазылып үлгерген. 

Талқылау