Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халыққа көмектескенін неге көрсетпейсіздер?": Депутаттар мерейтойы үшін сынға қалған экс-мәжілісменге араша түсті

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев экс-мәжілісмен Мақсат Раманқұловтың мерейтойынан түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Гүлзира Айдарбекованың парақшасы/parl.kz

Мәжіліс алаңында журналистер Азат Перуашевтан экс-депутаттың 50 жылдығын тойлағанына қатысты не ойлайтынын сұрады.

"Сұрақты өзіне қойыңыздар. Өйткені ол туған күніне біздің әріптестерімізді шақырды. Туған күнге барғанда, онда не дайындалып жатқанын, қандай тамақ болатынын қайдан білесің?! Екіншіден, Мақсат Раманқұлов –  табысты кәсіпкер. Ол 20-дан астам түрлі нысан, соның ішінде тұрғын үй салған", – деді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, Мақсат Раманқұловтың су тасқыны кезінде қазақстандықтарға көмектескенін атап өту керек.

"Тыңдаңыздар, бұл – қызық нәрсе. Біз оның көмек жинап, Петропавлға жеңіл көліктер мен жүк көліктерін жібергені туралы видео жарияладық. Мұны неге ешкім көрсетпейді? Барлығы оның туған күнін қалай атап өткенін талқылап жатыр. Оның қалай көмектескенін көрсетіңіз, ол су тасқынынан зардап шеккендерге жүк көлігімен көмек жіберді. Енді одан артық не істей алады? Бұл не деген ақымақтық?", – деді Перуашев.

Еске салсақ, бұған дейін экс-мәжілісменнің 50 жас мерейтойы желіде қызу талқыға түскен еді.

Талқылау