"Оны жүздеген адам көрген шығар": Павлодарда бір ай бойы іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
Павлодарда жұмысынан шығып, жоғалып кеткен ер адам бір айдан астам уақыт өткеннен кейін өлі күйінде табылды. Мәйіттің табылғаны жөнінде жергілікті VITA іздеу тобының волонтерлері әлеуметтік желіде жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: oren.ru
Мәліметтерге сенсек, 26 жастағы Александр Фоминнің денесі қала тұрғындары күн сайын серуендейтін Усольск шағын ауданындағы тоғайдың жанынан табылды.
"Күн сайын мұнда жүздеген адам серуендейді, мотоциклшілер келеді, жақында тіпті жарыстар өтті. Оны көргендер болған. Жағдайдың осылай аяқталғаны өте өкінішті... Біз оны ұзақ уақыт таба алмадық, түрлі нұсқаны қарастырдық, соңғы кездері ол менің және біздің жігіттердің түсіне де кірді, өкінішке қарай, ол тірі емес екен. Біз жоспарланған шаршы аумаққа қайтадан іздеуге шықтық. Топтарға бөлініп, орман алқабын аралап жүргенімізде, мен бір дақты байқадым, онда қандай да бір жолақтар бар, лампас сияқты, бірақ Александрда ондай болмаған еді. Жақынырақ барып қарағанда, оның өзі болып шықты", – деді Павлодар VITA іздеушілер қоғамының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.
Фото: VITA іздеушілер қоғамы
Ал полициясы департаментінің баспасөз қызметі ер адамның мәйіті табылғанын растады.
"Бұл факт бойынша полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы атышулы ұрылардың бірі Леха Семипалатинский Карелия колониясында өлі табылғанын жазған едік. Карелия қатаң режимдегі колониясында 66 жастағы қазақстандық "ұры" Айтқали Маймушевтің өлі денесі табылды. Криминалдық ортада Леха Семипалатинский ретінде танымал болған Маймушев Надвоицы ауылындағы ИК-1 колониясында асылып қалған.