"Оны ұстап отыру мүмкін болмады": Нұрсұлтан Назарбаев немересі Айсұлтанның қазасы туралы пікір білдірді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев немересі Айсұлтан Назарбаевтың қазасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің үш қызымнан тараған немерелерім бар. Өкінішке қарай, биыл (2020 жылы. - ескерт.) бір немеремді жоғалтып алдық, ол маған өте ұқсайтын еді. Мен өз уақытынан ерте өмірден өткен немерем үшін қатты өкінемін. Оны ешқайда жібермесе де болар еді. Бірақ оны ұстап отыру мүмкін болмады. Ол бұл істің құлы болған, тоқтай алмады. Біз оны Мәскеуде емдедік, Лондонда да емдедік. Қайта шығып, қайта оралатын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев өзі жайлы түсірілген деректі фильмінің үшінші бөлімінде.



Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі жүрек ұстамасы делінді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр