"Жұмыс болған соң сондай нәрселерді жасадық": Төреғали Төреәлі жас әнші Диана Исмаилды не үшін еркелетіп, құшақтағанын түсіндірді
Ырғағы жеңіл әрі мағынасы терең әндерімен қазақстандық тыңдармандардың жүрегіне жол тапқан Төреғали Төреәлі дарынды өнер иелеріне қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сөзімізге дәлел ретінде ел Төреш деп атап кеткен әншінің жас дарын Диана Исмаиловамен атқарған жұмысын келтіруге болады. Диана Исмаилды әнші Төреғали Төреәлі БАҚ-қа берген сұхбатында өте талантты бойжеткен ретінде сипаттайды. "Актерлық шеберлігі қандай екенін бірақ білмеймін", - дейді әнші. Әрі қарай өнер иесі бейнебаян түсіру кезінде екеуінің жұмысы үздік болып шығуы үшін қандай амалдарды пайдаланғанын, не үшін еркелетіп, құшақтағанын айтып берді.
"Менің оған сен осылай істесейші, былай көрсенші деп айтып жүретіндей уақытым жоқ. Сондықтан тез-тез ойнату керек, одан шығару керек, құшақтау керек, еркелету қажет. Ой да жоқ әңгімені айту керек. "Сен бірінші рет клипке түсіп жүрсің бе?"- демейсің ғой оған. (...) Жұмыс болған соң сондай нәрселерді жасадық",- дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Төреғали Төреәлі өнердегі қарындасы Диана Исмаилдың бағын жұлдызын жағатынын айтқан еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
