Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Диана Исмаилованы әнші жасамақ

Төреғали сүйікті қарындасының өнердегі жұлдызын жақпақ. Ән жазатын қыздың даусын естіген Төреғали дуэт болып ән айтуға өзі қолға салған. 

Төреғали Диана Исмаилованы әнші жасамақ

"Студияға келгенімде бір ән қосулы тұрды. Мұны кім айтады деп сұрасам, Диана деген қыз дейді. Ол кім десем, оранжировщик қыз деді. Музыкант қыздың бұлай ән айтқанын көрмеппін. Біртүрлі қызға дейін көргем ғой мен. Бірден шақыртып таныса бастадым. Сол кезде құдай аузыма салды ма, екеуміз ән айтамыз дедім. Бірақ сол күйі ұмытып кеттік. Бір күні телефоныма "уәдеңіз қайда?" деп смс жолдапты. Сосын ән жазу туралы қайта ойландық. Себебі айтылған сөз - атылған оқ", - деді әнші.  

Төреғалидің де өнерге қадам басуына себепші болған аға-әпкелері бар. Енді өзі де қарындасының жұлдызын жағуға себепші болсам дейді. 

"Ешқандай басқа ниетім жоқ. Осындай талантты қазақтың қызы өрге жүзсе, соған үлесім болса деймін. Қазақ онсыз да азбыз ғой. Бір бірімізге демеу боғланымыз жақсы", - деді Төреш. 

Диана Исмаилова Еркенің "Қайдасың" әнінің авторы. Бір кездері ол Еркенің жұлдызын жақса, енді Төреш Дианаға қол ұшын созбақ.

Талқылау