Өнеркәсіп және құрылыс министрі өзінің азаматтығы туралы айтып берді
Жаңадан сайланған өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" кәсіпорны лауазымына тағайындалғаннан кейін 2022 жылы Ресей азаматтығынан бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Шарлапаевтың өткен жылы ғана Қазақстан азаматтығын алғанын тілге тиек етіп, одан өзінің қаншалықты осы лауазымға лайық екенін сұрады.
"Лайықты, лайықты емес деген сұраққа айтарым, бұл – үкімет пен мемлекет басшысының шешімі. Менің жұмысымның нәтижелерін халық та, үкімет те, президент те бағалайды", – деді министр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне 4 қыркүйекте Шарлапаев тағайындалды.
2022 жылдың ақпан айында Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" кәсіпорны лауазымына ие болды, жарты жылдан кейін ол Bereke Bank директорлар кеңесін басқарды.
2022 жылдың күзінде ол Ресей азаматтығынан шықты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр