"Өнер адамы емес": Мақпал Исабекова күйеу жігіті туралы айтты
Мақпал Исабекова қалыңдық атанды. 36 жастағы әнші жақында тұрмыс құратынын айтып, көппен қуанышын бөлісті. Күйеу жігіті жайлы аз-кем айта өтті.
Мақпал Исабекова 36 жасында қалыңдық атанды. Жақында келін болып, ана атанар күні алыс емес. Бұл ретте әнші күйеу жігіті жайлы айтып өтті. Өзіне сұрақ қойғандардың сауалына жауап берді.
"Менің туған күнім секілді сезініп отырмын. Көпшілік құттықтап, шын жүрегімен ақ тілектерін айтып жатыр. Бәріне алғысымды айтамын. Тілектеріңіз қабыл болсын. Бақытты күйдемін. Күйеу жігітім өнер адамы емес. Өнерге қатысы жоқ. Көпшіліктің алдында жүргенді қаламайды. Танымалдықты ұнатпайды. Менің парақшама шыққысы келмейді. Сондықтан оның құқығын, қалауын құрметтеймін. Көпшілік оның кім екенін білгісі келіп жатыр. Сіздер түсіністік танытады деп сенемін", - деді әнші Инстаграмның Stories бөлімінде.
Айта кетейік, Мақпал Исабековаға сүйіктісі 15 ақпан күні сөз салып, тұрмысқа шығуға ұсыныс айтты. Әнші сүйінші жаңалығын айтып, көпшілікті қуантты.
Мақпал Исабекова: Анам өзінің ұйғыр екенін елге айтпақ-ақ қой деп өтінген еді