Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өнер адамы": Әнші Айри алғаш рет сүйіктісі жайлы айтты

Әнші Айри алғаш рет сүйіктісі жайлы айтты. Ол өміріндегі және өнеріндегі жаңалықтарымен Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Айри сұхбат барысында өте бақытты екенін, сүйген жігіті бар екенін мойындады. 

"Осы сәтте өте бақыттымын. Мені, өнерімді түсінетін жан болып шықты. Ол да – өнердің адамы", – деген Айри жігітті халық жақсы танитынын атап өтті. Алайда оның есімін атамауды жөн көрді. 

"Мені Instagram-да оқитын тыңдармандар кім екенін жақсы біледі", – деп қысқа қайырды ол.

Айри өнердегі жаңалықтарымен бөлісті. Жақында Бейбіт Көшқалиевпен дуэт жаздырған ол алдағы уақытта бейнебаян жарыққа шығатынын жеткізді. 


Аша Матай 7 айдың ішінде 32 келі салмақ тастаған


"Жеке әніме бейнебаян түсіреміз. Карантинде "Маска" шоуына қатыстым. Өте көңілді уақыт өткіздім. Карантин кезінде өнер адамдарына қиын болды. Әртіс сезініп, дайындыққа барып…

Ата-анаммен бірге тұрамын. Таңғы 9-дан түнгі 3-ке дейін түсірілімде жүретінмін. Олардан жасыру қиын болды. "Қандай түсірілім?" деп сұрайды. Соңына дейін жасыруға тырыстым. Себебі келісімшарт бойынша ешкімге айтуға болмайды. Уақыты келгенде көресіздер дедім. 

Папа білген жоқ. Екінші бағдарламадан кейін "сен ғой" деді. "Жоқ" деп мойындамадым. Достарым да, мені танитын адамдар стористе бөлісіп, жазып жүрді. Анам бірден таныды, білдіртпей жүрді. "Аққу деген жақсы айтады екен" деп қоятын", – деп ағынан жарылды Айри.

Айри “Маска” шоуының ақтық кезеңіне дейін жетіп, жеңбегеніне өкінбейді. Басты мақсатым – жақсы өнер көрсету болды дейді өзі. Бір жағы, қазылар алқасының құрамында болған Ерке Есмахан бірден таныды деп ойлаған. 

“Екеуміз “Жұлдызды жекпе-жек” жобасына бірге қатыстық. Сондықтан менің даусымды жақсы біледі. Екінші әнді орындағаннан кейін таныды. Әр бағдарлама сайын маскамды шешемін деп ойладым”, – дейді Айри.

Талқылау