Өнер үшін ең қасіретті күн: Отандық жұлдыздар сотталған Әлімбековаға қолдау білдірді
Отандық жұлдыздар күні кеше істі болып, 6 жылға сотталған Гаухар Әлімбековаға қолдау білдірді. Нұрлан Албан әріптестерін шама келгенше қол ұшын созуға шақырса, Гүлзира Айдарбекова оның сөзін қоштады. Ал Бағлан Әбдірайымов Гаухардай жаны таза адамнан жамандық күтпейтінін мәлім етті, деп жазады Stan.kz.
“Қауіп қайдан… Қатер қайдан?…” Қолдан келері болса, көмекке ұмтылайық, әріптес бауырлар! Шамамның келгенінше, қол созуға дайынмын! Жазуға сөз таба алмай отырмын!” – дейді Нұрлан Албан.
“Нұрлан өзің бастаған екенсің бәріміз көмек қолын созайық. Негізі қатты араластығымыз да жоқ, көрген жерде сәлеміміз түзу, бірақ көрмегелі де 5-6 жыл болып та қалыпты. “Көп түкірсе көл болады” деген, ертең қай-қайсымыздың да алдымыздан не күтіп тұрғанын білмейміз. Нұрекең шот ашып парақшасына салса, бәріміз қарап қалмайық. Өте ақ көңіл, жүрегі кең, ашық мінезді болатын, мүмкін бір қателік орын алып жатқан болар. Қолдан келсе, кір іздеп, мін тақпай сырттай жөн-жосықсыз әр түрлі әңгімені жазбай-ақ қояйық. Онсыз да xалықтың алдында жер болып отырғанында жерге тықпайық ағайын “Бәле аяқ асты” деген, бір шикілік бар сияқты. Жағдайы төмендерге, мүгедектерге Алла разылығы үшін деп көрсетпей беріп те жүрміз, сол себепті, оданша неге мұқтаж жандарға бермеске деп даурықпауларыңызды сұраймын. Гауxар еліміздің алдында жүрген, xалықтың қызы болғандықтан, қолымыздан келгенінше қарап қалмайық. Біздің де елдің намысы, өзге елге күлкі болмайық.
Нұреке өнер адамдарының да проблемалары жеткілікті түсінемін, бергісі келетін бірақ бере алмайтындары да қаншама. Мүмкін өнер адамдарын жинап жақсылап бір концерт ұйымдастырарсыз тіптен болмағанда. Сол кезде өнер адамдарымен қатар сатылған билеттердің ақшасы да көмек болады, көмек қолын созу үшін билеттерді алушылар да аз болмайды. Біздің қазақ xалқы тас жүрек емес, бәрі де ойланбастан алады билеттерді. Ойланып көрсеңіз осы идеяны”, – деп ұсынысын білдірді Гүлзира Айдарбекова.
“Талантты сазгер, әнші әпкеміз Гауxар Әлімбекованың басындағы мән жәйды анық білмеген соң,қасында жүрмеген соң xалыққа ешқандай ақпарат бере алмаймын. Соңғы кезде өте сирек,соңғы бір жылда бір рет қана кездесіп қалдық Гауxармен. Кеше түнде инстадан көріп жаным ауырды. Бұл жерге жарнама жасағандай болып отыра бермей барлық әріптестерімнің, Гауxарға қол ұшын бергісі келетін тыңдармандардың бір жерге жиналғанын қалаймын. Әлия Құдайбергенова қайдасың? Гауxардың ең жақын адамымен (мән жәйды білетін) бірігіп бәріміздің басымызды қосшы! Ақыл айтып қана қоймай “біз де көмектесеміз” деп жазып жатқан кең пейілді көрермендерге Алланың нұры жаусын!” – дейді Жазира Байырбекова.
“Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар. Келесі кім?! Құрбысын да кіналағым келмейді-ақ.. Бірақ Алла разылығы үшін кешіріп жібергеніңізде Алланың шексіз нығметіне бөленер едіңіз ғой, қап.. Алаш ардақтаған адаммен дос болғаныңыздың өзі, қасында жүргеніңіздің өзі теңдессіз бақыт еді ғой.. Не болды енді?! Бәлкім бір қорқытып та қойғыңыз келген шығар..Гауxардың өзі де бұлай боп кетеді деп ойламаған ау..
Мұқтар Шаxановтың “Әке үкімі” деген өлеңін оқыңыздаршы.. Маxамбеттей ақынды өлтірген жауызға өз туған әкесі үкім шығарып тұрып айтқан сөзі бар:
“Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан адамды,
Қай атаңнан көріп едің оңбаған?!” Ақша жиналар.. Гауxар апамыз бостандыққа шығар.. Бірақ өнер үшін жаралған нәзік жүрек бұл сынақты көтере алар ма екен?! Мынадай әуезді әндер енді ол жүректен шығар ма екен? Заң бәрімізге бірдей.. Бірақ елдің еркелеріне деген құрмет қайда?! Қазақ ән өнеріне сіздей үлес қосқан қыздар аз! Мұзарт “Бір тамшы көздің жасындай” деп ән салғанда үзіліп тыңдаған жанкүйер жұрт қайда?! Қыздың қарғысынан қорқатын қабырғалы қазақ қайда?! Жанашыр ағалар қайда?! Осынша қатыгездікке кім үйретіп жатыр бізді?! Бұл қазақ өнері үшін ең қасіретті күн. “Бір тамшы көздің жасындай” мөлдіреп кете бардыңыз ау жаным апке. Жылы төсегімізде жатып жанымыз ауырып жатыр. Сұп-суық қабырғалардың арасында жаурап жатқан шығарсыз. Сәл шыдаңыз.! Халықтың ерекше ыстық ықыласын сезіну үшін осы сынақ керек те болған шығар”, – деп күйінді Айнұр Тұрсынбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Алланың екінші есімі – Халық! Қаласақ, ханға түйе сойғызамыз… Гаухар әпкемдікі мүмкін қате шығар, бірақ үндеймей отыра алмаймын. Жаны таза адамнан, өз басым жамандық күтпеймін. Бізге керек, ұят болады. Араша түсіп, қолдан келер бар амалды жасайық… Алла жеңілдік берсін! Күні кеше сот залында 6 жылға бас бостандығынан айырды. 40 мың доллар өзі алмаған, алдап кеткен. Алған кісіде жазасын өтеп отыр. Кінасын мойындап отырса да, Гаухар әпкемізге осындай үкім шығарыпты”, – деп өкінішін білдірді Бағлан Әбдірайымов.
Еске сала кетейік, күні кеше Гаухар Әлімбекованың алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.