Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ондай адамды әлі кездестірген жоқпын": Болат Назарбаевтың махаббаты кім

Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ашық сұхбат берді. Меценат жарымен қалай танысқанын, қай жылы отау құрғанын еске алды. 

Болат Назарбаев журналист Гүлмира Нәлібайға сұхбат берді. 

- Отау құрған сәтіңізді, жарыңызбен алғаш кездескен сәтіңізді бір еске алайықшы.

- Ортаншы марқұм ағам Сатыбалды Үштөбедегі "Бірінші май деген совхозда тұратын. Менің әскерден келген кезім. Үштөбеде бауырым екеуміз шопыр болып жұмыс істедік. Сол совхозда әйелім Гүлжанды кездестірдім. 1974 жылы 4 желтоқсанда Шамалғанға алып келдім.

-Гүлжан апамызды қаншалықты сүйдіңіз? Үйленген күніңізді ай-күніне дейін біледі екенсіз. Бүгінде қара шаңырақтың отын өшірмей отырған, қара шаңырақты ұстап отырған қазір Гүлжан апамыз ба? Ол кездегі махаббат бүгінде достық, сыйластыққа ұласқан шығар?

-Гүлжан екеумізде екі қыз, бір ұл бар. Біздің отау құрғанымызға жақында 50 жыл болады. Бір-бірімізді көзқарасымыздан-ақ түсінеміз. Не айтайын деп отырғанын мен білемін, оның не айтайын деп отырғанымды ол біледі. Әйелің өзіңнің анаңа құсап кетеді екен ғой. Мен шынымды айтсам, ондай адамды әлі кездестірген жоқпын. Осы күнге дейін қарсы келетін бір сөз айтқан емес. Ең бастысы аман болшы дейді. 


Оқи отырыңыз

"Көмектесіп тұрам": Болат Назарбаев Мақпал Жүнісовамен ара қатынасы жайлы


 

Талқылау