Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көмектесіп тұрам": Болат Назарбаев Мақпал Жүнісовамен ара қатынасы жайлы

Алматы облысының құрметті азаматы, меценат Болат Назарбаев сұхбат берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев сұхбат барысында өмірі, балалық шағы, достары жайлы сөз қозғады. Әңгіме барысында ол балалық шақтан бірге келе жатқан достары туралы айтты.

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісовамен ара қатынасы жайлы айтты. 

"Балалық шақтан келе жатқан достарым бар, бірақ көбісі бұл дүниеден кетті. Дос деген жақсы ғой. Шынайы дос - бауырдан да жақын болып кетеді. Сағынасың, еске аласың", - деді Болат Назарбаев.

Айтуынша, қазақтың еркесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен де шынайы достық қатынаста.

"Мақпал Жүнісовамен әлі күнге дейін араласамыз. Достығымызға біраз жыл болды. Қызы Мерейдің өкіл әкесімін. Қарайласып, көмектесіп тұрамын қолдан келгенше. Мақпал менен көп көмек сұрамайды. Адамдарды танып-білемін ғой. Кейбіреулер айтып жатады, ер мен әйелдің арасында достық болмайды деп. Керісінше, нағыз достық ер мен әйелдің арасында болады және бұндай достық ерекше болады", - деді Назарбаев журналист Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында. 


Талқылау