Он жыл мұхитта қалқып жүрген: Жер сілкінісі кезінде жоғалған кеме табылды
Тынық мұхитында Жапонияның Хатизедзима аралы жағалауынан 2011 жылы наурызда Жапония шығысындағы ірі жер сілкінісінен кейін цунами алып кеткен балық аулайтын кеме табылды. Бұл туралы жапондық NHK телеарнасында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кеме Мияги префектурасындағы Кэсэннум қаласының портынан алынды. Ол мұхитта 10 жылға жуық қалқып жүрген, осы уақыт ішінде оның сыртына ұлу қабыршығы толып кеткен. Ақыр соңында кеме Миягиден 650 шақырым жерде Хатизедзима аралының батыс жағалауына жеткен.
Кеме тіркелген портты сақталған нөмір бойынша табуға болады. Кемені тапқан ер адам оның жартылай батып кеткенін, бірақ аударылмағанын айтты. Айтуынша, ол кемені жағаға шығарған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады