Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Он сағаттық ота жасалды": Медеу Арынбаевтың дерті асқынып, дәрігерлердің арқасында аман қалды

Белгілі әнші Медеу Арынбаевтың дерті асқынып, дәрігерлердің арқасында аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұрындары дерті белгі берсе де мән бермей, емделуді ойға алмай жүрген Медеу Арынбаев ота стөлінен бірақ шықты. Ауруы мазаласа да қабылдамай жүрген көрінеді.

"Ес жоғалту. Енді түсінікті болар, эпилепсияның бастамасы. Бастамасын қолға алдық. Соған кетіп бара жатыр еді. Бұрынғы кезеңдерде жылына бір рет көз қарауытып, бас айналып, ес жоғалтатын жағдайлар болушы еді. Бір 5 минуттық, одан кейін ес жиып алатынмын", - дейді Медеу Арынбаев.

Дерті асқынып кеткен халықтың сүйіктісінің өмірін он сағат бойы ота жасаған дәрігерлер құтқарып қалған. Қазір өнер иесі салауатты өмір салтын сақтап, дәрілерін уақытылы ішіп жүруге міндетті.

"Шляпа киіп тұрғаныма бір дөкейсініп кетті-ау деп ойламаңыздар. Бір айдан енді асып жатыр, басыма үлкен он сағаттық ота жасалды. Операция болды он сағат. Шашымның жоқтығы ғой. Бір айдың шамасын тап-тақыр қылып алып тастады. Енді-енді өсіп жатқан кезең", - дейді Медеу Арынбаев.

Денсаулығы сыр берген Медеу Арынбаев қыйын шақтардың артта қалғанын айтты. Қанша жерден ауырып жүрсе де, ауруға мойын сұнбаған өнер иесінің шығармашылықтан алыстайтын ойы жоқ.

"Есте қаларлық жағдай шығар. Төртінші сәуір күні басыма ота жасалды. Төртінші мамыр күні Арман Дүйсеновтың концертіне дәл осы шляпамен сахнаға шықтым. Қайтем енді, отыра алмаймын. Ауруханада жатсам да, сұранып екі сағатқа барып қайтқаным бар", - дейді Медеу Арынбаев.

 

Талқылау