Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жасөспірім қыз сыныптастарымен жанжалдасқандықтан, мектептің үшінші қабатынан секіріп кетті

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы № 1 Омар Есімов атындағы мектепте болды.

Физика пәні кезінде мұғалім сыныпта болмаған. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Соған шыдамай, жоғары қабаттағы терезеден оқушы секірген.

"Құрдастар арасындағы жанжалдың салдарынан 8-сынып оқушысы эмоцияға беріліп, осындай жағдай орын алды. Қазір ешқайсысымызға оңай емес. Оқиғадан кейін мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді", – деді №1 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бердібек Бұхарбаев.

Қыз ауыр жарақат алса да, аман қалды. Ол бірнеше күн реанимацияда жатты.

Тексеріс басталды. 

“Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды”, – деді Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері Әбдісамат Утамұратов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жүкті келіншектің 18-қабаттан секіріп кеткені туралы жазған едік. 


Шымкент қаласына арналған 2024 жылдың ораза кестесі

Талқылау