Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен
Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qaz365.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото pixabay-дан
Деректерге сай оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Кейін оның бейнежазбасы желіде таралып кеткен.
Видеода жедел жәрдем қызметкерлері мен өтіп бара жатқан адамдар асфальтта жатқан келіншектің жанына жиналған. Ал жазба сипаттамасында жүкті әйелдің 18-қабаттан секіргені және екіқабат екені айтылған.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мән-жай әлі де анықталуда.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"