Өмірқұл Айниязовтың ұлы той алдында жол апатына түсті
Белгілі отандық әнші Өмірқұл Айниязов үйленгелі отырған ұлы Нұртуғанның жол апатына түскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар” деуші еді қазақ. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам. Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, артын күттік. Шүкір жақсы, ағайын, тойда жолығайық”, – деп жазба жариялады Өмірқұл Айниязов.
Желі қолданушылары өнер иесіне көңіоін аулап, пікір қалдырды.
“Алла шипа берсін”, “Тез сауығып кетсін”, “Қорқыныштың арты қуаныш болсын”, “Бұл да бір сынақ болар”, “Аман болсын”, “Жаманшылықтың бәрі сонымен кетсін”, – деп жазды желідегілер.
Өмірқұл Айниязов алдыңғы сұхбаттарының бірінде ұлын үйлендіретінін, Семей өңірімен, наймандармен құда болатынын айтқан болатын.
"Сотқа дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді