"Өмір бойына қал деді": Елбасы президент лауазымынан бас тартуы жайлы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында президент лауазымынан бас тарту туралы шешімі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сізді кетсеңіз де, әлі де биліктен алыстамады деп айтады. Қазірдің өзінде ел сіз экономикасына, қауіпсіздігіне, қорғанысына белсенді түрде араласады екенсіз", – дейді Оливер Стоун.
"Бұл туралы не үшін айтады... Бұл халыққа жақсы ма әлде жаман ба, ол туралы не үшін ешкім ешнәрсе демейді? Егер мәселе елдің тұрақты дамуымен, абыройын көтерумен байланысты болса, неліктен айтпасқа?
Не себепті әрбір мемлекетке өзіндік стилін, өз жүйесін қалыптастыруға болмайды? Мен үшін халқымның айтқаны маңызды. Мен лауазымымды беделім тасып тұрған кезде босаттым. 2015 жылы сайлауда мен 95% дауысқа ие болдым. Әрине, қазіргі уақыт үшін бұл сандар өте жоғары, адам сенгісіз. Бірақ олар мені өмір бойы президент ретінде қалдырғысы келді. Бірақ мен онымен келіспедім”, – дейді Назарбаев.
Айтуынша, Назарбаевқа "өмір бойы билік ет" дегендер болған.
"Мен мүлдем биліктен алыстап кеткім келді. Бірақ маған өмір бойына қалыңыз деді. Мен оларға жоқ мен қалмаймын, сайлау өткізейік, Қауіпсіздік кеңесі мен саяси партияда боламын деп айттым. Осылай келістік. Конституциялық заң қабылдадық. Біздің парламент, біздің Конституция, біздің заңдар бойынша менің статусым анықталады.
Мемлекеттік қазіргі президент басқарады, мен араласпаймын. Мен оған кедергі болмаймын. Керісінше, қажет болған жағдайда оған ақыл-кеңесімді айтып отырамын. Билік президенттің қолында. Оның құзыреті Конституцияда жазылған", – деді Елбасы.
Еске салсақ, 2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін босатып берген еді. Бұған қоса, ол ел арасындағы "қос билік" туралы сыбыстарды Қазақстанның болашағына балта шапқысы келетіндер әдейі таратуда деген болатын.