AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Омикрон" штамының жаңа түрі әлем бойынша қарқынды тарап жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша "Стелс-Омикрон" нұсқасы қазір барлық анықталған инфекциялардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап.

"Біз жаңа штамм туралы барлық белгілі ақпаратты жинақтадық. "Жасырын омикрон" туралы не білу қажет:

Өте жылдам жұғады

COVID-19 вирусының ВА.2 түрі бұған дейінгі BA.1 мен BA.1.1 нұсқаларына қарағанда жұқпалы болып келеді, алайда қазіргі кездегі нәтижелер жаңа нұсқаның күрделілігі "Омикронмен" бірдей екенін көрсетті.

Вакцинаның үдеткіш дозалары жаңа штамнан қорғайды

"Омикронның" басқа нұсқаларына сияқты вакциналардың BA.2-ге қарсы тиімділігі төмен. Алайда Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің мәліметінше, ағзаның қорғаныс деңгейі үдеткіш вакцина арқылы қалпына келеді. Бұл әсіресе ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының көрсеткіштерінде айқын байқалады. Вакцина алғандардың арасында өлім-жітім мен ауруханаға жатқандар аз.

Алдын алу шараларының қажеттілігі

Ғалымдардың айтуынша, жақында BA.2 ауруының өсуі ықтимал. Өйткені аурудың күрт тарауы көптеген елдердің маска режимін және басқа да антиковидтік шараларды алып тастауымен қатар келіп отыр.

Халықтың осал топтарын қорғау

BA.2 аурушаңдық көрсеткіші өсуінің себебі қандай болса да зерттеушілер вирустың, әсіресе вакцинацияланбаған және халықтың басқа да осал топтарына зиян тигізетініне сенімді. Сондықтан тиімділігі дәлелденген препараттармен екпе алу коронавирустың жаңа толқыны қарсаңында өте маңызды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр