"Омикрон – коронавирустың соңғы штамы": Қазақстандық дәрігер пендемияның қашан аяқталатынын болжады
Жаңа жылда пандемия аяқталуы мүмкін, ал омикрон – коронавирустың соңғы штамы деген болжамды Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

“Омикрон – бұл тағы бір ауру толқынын тудыратын соңғы "мутанттардың" бірі болуы мүмкін. Дегенмен коронавирус белгілі бір дәрежеде мутациялануды шектейді. Осындай індеттердің табиғи нәтижесі – вирус жұқпалы бола түседі, бірақ өзінің патогендік қасиеттерін жоғалтады”, – дейді профессор.
Алмаз Шарман "омикрон" басқа штамдарға қарағанда төзімді болса да, қауіпті топтағы адамдар үшін вирус әлі де қауіпті екенін атап өтті.
Сондай-ақ дәрігер балалардың бұл штамды басқаларға қарағанда жиі жұқтыратынын растады. Шарман Алмаз мерекеден кейін елде пандемияның бесінші толқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан бұл күндері қонақтарға арналған жаппай іс-шаралар мен сапарлардан сақтанудың маңызын атап өтті.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген