Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Омикрон" қауіп төндіретін адамдар тобы аталды

Ресейлік вирусолог, геномдық инженерия зертханасының басшысы Павел Волчков URA.ru басылымына берген сұхбатында коронавирустың жаңа штамы қауіп төндіретін адамдар тобын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Омикрон

Ғалымның сөзінше, мұндай топқа коронавируспен ауырмаған және екпе алмаған азаматтар кіреді. Ал бұрын вируспен ауырғандар мен вакцина салдырғандарға жаңа штамм үлкен қауіп төндіре алмайды. 

"Қазір вируспен ауырғандар мен вакцина алғандар саны көп. Мұндай адамдарда омикрон жеңіл өтеді. Апдейт секілді. Бұл біздің иммундық жүйемізге жетіле түсуге мүмкіндік береді. Ал вирус жұқтырмаған адамдарда ауру ауыр өтуі ықтимал", – деп мәлімдеді Волчков. 


Ғалымдар: Омикрон штамы дельтаға қарағанда 70 есе жылдам көбейеді


Сонымен қатар вирусолог коронавирустың бұрын-соңды ауырмаған адамдарға жұғыуы қиындай түскенін айтты.

Дельта және омикронға вирус жұқтырмаған адамдарға жұғу қиындай түскен. Себебі мұндай адамдар 2 жыл көлемінде иммунологиялық буферде болды. Осыған қарағанда олардағы жеке иммунитет вирусқа қарсы тұра алған", –  деп түсіндірді маман. 

Вирусолог Петр Чумаков созылмалы ауруы бар адамдарға COVID-19-дың әлі де қауіп төндіретінін қосып өтті. 

"Созылмауы ауруы бар қарт адамдар, әлсіреген адамдар, яғни вирусты жеңу үшін күш-қуаты жетпейтін адамдарда ауру ауыр өтеді", – деді В.А. Энгельгард атындағы Молекулярлық биология институты пролиферация жасушасы зертханасының меңгерушісі. 

Чумаков омикрон штамының балалар үшін де қауіпті екенін айтып өтті. 

"Жастар мен балалар жиі ауырады. Ал кішкентай балаларда ауыр инфекциялармен күресу үшін күш жеткіліксіз. Сондықтан олардың арасында да мәселе туындауы мүмкін. Алайда әзірге омикрон жұқтырған соң қандай қиындықтар пайда болатыны белгісіз", – деді профессор. 

Талқылау