Олжас Бектенов: Үкімет мемлекет басшысының экономика өсімін қамтамасыз ету жөнінде қойған міндетін іске асыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде
Премьер-министр Олжас Бектенов парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Ол экономиканың 6% өсуіне қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы айтты.
Фото: Primeminister.kz
Бектеновтың айтуынша, қазіргі күрделі геосаяси жағдайға және негізгі сауда серіктестерінің жағдайына қарамастан, үкімет алға қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады.
“Бүгінгі таңда 8% деңгейінде өсім құрылыс, көлік және байланыс салаларынан көрінді. Жаппай су тасқынына байланысты саудада белгілі бір төмендеу байқалды. Дегенмен бүгінгі таңда бұл саладағы өсу динамикасы белсенді түрде қалпына келтіріліп жатыр”, – деді премьер-министр.
Үкімет экономиканы өсіру үшін құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу және АӨК-қа мән бермек. Бұл салаларға басым қолдау көрсетіледі.
Үкімет "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын басым жобаларды қаржыландыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді тартады. "Бәйтерек" желісі бойынша биыл жобаларды 3 триллион теңгеден астам сомаға, "Самұрық-Қазына" қаражаты есебінен 700 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландыру жоспарланып отыр.
Нақты шаралар:
- Құрылыс саласында кемінде 18 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып жатыр;
- "Отбасы банк" – "Отау" және "Наурыз" жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларын іске қосты. Ол бойынша 64 мың адамнан өтініш қабылданды;
- Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қосымша 222 миллиард теңге бөлінді;
- 12 мың шақырымнан астам автожолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарланған, бұл – рекордты көрсеткіш.;
- 13 арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аумақтары қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі;
- Жаңа газ желілерін салу есебінен қосымша 87 елді мекенді газдандыру жоспарланып жатыр;
- Газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысы жүргізіліп жатыр;
- Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін ұлттық режимнен алып тастау тізбесі 4 есе кеңейтілді. Егер жыл басында тізбеде шамамен 1 мың тауар болса, қазір онда 4 мыңнан астам тауар түрі бар.
"Бұл біз қазір жүзеге асырып жатқан негізгі ауқымды шаралар. Олар экономиканың өсуін қамтамасыз етеді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.