Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды
Атырау облысында дәрігерлер пластмасса қалпақшасын жұтып қойған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды . Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 13 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2011 жылы туылған бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған. Кезекші дәрігер рентген жасай отырып, баланың бронхында бөгде заттың тұрғанын анықтаған.
"Балалар ауруханасының дәрігері Зауре Нұрмахамбетқызы жоғары технологиялық жабдықтардың арқасында операция жасамай, баланың бронхынан бөгде затты (қаламсаптың пластикалық қалпақшасын) сәтті алып тастады. Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезініп, үйіне жіберілді", - деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы