Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов отау құрды (видео)
Олимпиаданың күміс жүлдегері, гимнастшы Нариман Құрбанов үйленді. Оның таңдауы көркем гимнаст Аида Бауыржановаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Аида Бауыржанованың желідегі парақшасынан скриншот жасалған
Жас жұбайлардың парақшасында спортшылардың мерекесінен фотолар мен видеолар пайда болды.
Кадрлардан жас жұбайлардың Астанада "Қыз ұзату" рәсімін жасағанын байқауға болады. Кеш қонақтары ретінде гимнастшылардың туыстары, достары мен әріптестері бар.
Еске салайық, 3 тамызда қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алғанын жаздық. Бұл – спорттың осы түрінен ел тарихындағы тұңғыш жүлде.
Жеңіске қол жеткізгеннен кейін Құрбанов сүйіктісіне ұсыныс жасамақ ниеті бар екенін мәлімдеді. Ол үш жыл бұрын қалыңдығына үйленемін деп уәде берген.
@a1dosssova #нариманкурбанов🥈 #той ♬ оригинальный звук - 𝗨 𝗦 𝗔 𝗢𝗿𝗶𝗴𝗶𝗻𝗮𝗹 🇺🇸
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ