Олимпиадаға жолдама ала алмаған Ертуған Зейнуллинов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов Has Pro Boxing промоутерлік компаниясы өткізетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Париж олимпиадасына жолдама ала алмаған Ертуған Зейнуллинов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ұлттық құраманың мүшесі Has Pro Boxing промоутерлік компаниясы өткізетін кәсіпқой бокс кешінде бағын сынамақ. 63,5 келі салмақта жұдырықтасатын былғары қолғап шебері үндістандық спортшы Банти Сингқа (8-2, 2KO) қарсы жекпе-жек өткізеді. Турнир 1 маусым күні Алматыда өтеді.
Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарында өнер көрсетіп, Париж олимпиадасына жолдама иелене алмаған еді. Содан кейін Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатысып, жеңіліп қалды.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

