Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло елге оралды
Ауыр атлетикадан Токио – 2020 Олимпиадасының қола жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон елге оралды. Қандастарымызды Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі МИА Казинформ-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының тумаларын жанкүйерлер, журналистер, туыстары мен достары ду қол шапалақпен, үлкен плакаттармен және гүлдермен қарсы алды. Жүлдегерлер кездесу барысында алған әсерлері мен жарысқа дайындықтары туралы айтты.
Қорытындылай келе, спортшылар жанкүйерлермен суретке түсті.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ауыр атлет Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды - екі жаттығудың нәтижесі бойынша ол 294 келі салмақты көтерді. Сонның жүлдесі - Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль.
Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло да 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. Екі сайыстың нәтижесі бойынша Чиншанло 213 килоны көтерді. Жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"